Әуежай аруларды құттықтады

Барлық жаңалықтар

2021-03-09

Әуежай аруларды құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының әртістерімен бірлесіп әйелдер қауымын ерекше форматта құттықтады. Өткізілген іс-шара аясында елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақконцерт солисі, белгілі әнші Құрмаш Маханның өнерін тамашалай алды.

Әншінің орындауындағы танымал «Кездесу мен қоштасу» және «Аңсарым» әндері әуежай жолаушыларын тәнті етті. Бұған қоса, Құрмаш Махан әуежайдағы арулар қауымына гүл табыстап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жүрек тебірентер әндерді бірге шырқап, тамаша мерекелік көрініске куә болған көрермендер ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.

Қазақконцерттің 60 жылдығы және Халықаралық әуежайдың 90 жылдығы сынды қос мерейтой аясында екі ұйым музыкалық өнерді барша халыққа қолжетімді етіп, алдағы уақытта осындай әлеуметтік-қоғамдық жобаларды бірлесіп ұсынбақ.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ