Тексеру бөлімшесі инспекторының лауазымына бос орын ашылды

Барлық жаңалықтар

2021-04-15

Тексеру бөлімшесі инспекторының лауазымына бос орын ашылды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы тексеру бөлімшесі инспекторының позициясына бос орынның ашылғаны туралы хабарлайды.
Әлеуетті үміткерлерге қойылатын талаптар:
орта-арнайы, орта-техникалық немесе жоғары білім;
Үміткердің жасы жиырма жастан кіші болмауы керек;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі курстарды бітіргені туралы сертификат;
қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерін меңгеру.
Міндеттері:
тексеру пунктіне келген кезде барлық құралдарды, байланыс және тексеру құралдарын, қызметтік құжаттаманы қабылдау, жабдықтың, жарықтандырудың, дабыл сигнализациясы және өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тексеру;
тексеру рәсімінен өтпеген жолаушылар мен әк экипаж мүшелерінің; бөгде адамдардың, оның ішінде рейстерге қызмет көрсетумен байланысты емес қоғам қызметкерлерінің; белгіленген үлгідегі рұқсаттамасыз адамдардың, сондай-ақ басқа да растайтын құжаттары жоқ тұлғалардың стерильді аймаққа (әуеайлаққа) өтуіне жол бермеу.
тексеру пункттеріне кіре берісте жолаушылардың отырғызу талондары мен жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру;
жолаушыларға әуе кемесінде тасымалдауға тыйым салынған заттарды шығаруын ұсыну;
стерильді аймаққа қол жүгін тексеру және жеке тексеру рәсімінен жалтарған жолаушыларды жібермеу, ал қажет болған жағдайда оларды ішкі істер органдарына хабарлау;
тексерістен өтетін адамдарға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша түсініктемелер беру;
Ақпарат алу телефоны: 8 7172 777 979
Түйіндемені жіберу үшін электрондық пошта: cv.hr@nn-airport.kz

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ