Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы күтіп алушылар мен шығарып салушылар үшін ғимаратқа кіруді шектеді

Барлық жаңалықтар

2021-04-15

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы күтіп алушылар мен шығарып салушылар үшін ғимаратқа кіруді шектеді

Бүгіннен бастап Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының ғимаратына кіру күтіп алушылар мен шығарып салушылар үшін уақытша шектеледі. Тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған байланысты, жоғары қауіпті аймақта, дәлірек айтқанда "қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде шығарып салушылар мен қарсы алушылар үшін теміржол вокзалдары мен әуежайлардың ғимараттарына кіру шектелетін болады.
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының жолаушыларына ыңғайлы болу үшін кіру топтарының алдында қосымша күту орындары ұйымдастырылды.
Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін әуежай қызметкерлері қатарынан кезекші топтар ұйымдастырылады.
Еріп жүрушілері жоқ кәмелетке толмаған жолаушылармен мәселе әуекомпаниялардың агенттері арқылы шешілетін болады.
Барлықтарыңызды түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ