Әуежай қызметкерлері сенбілікке шықты

Барлық жаңалықтар

2021-04-24

Әуежай қызметкерлері сенбілікке шықты

Бүгіннен бастап 25 мамырға дейін экологиялық айлық шеңберінде барлық өңірлерде өзендер мен бұлақтардың арналарын тазарту, қалалық және ауылдық сенбіліктер, ағаштар отырғызу және басқа да іс-шаралар жүргізілетін болады.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы да сенбілікте белсенділік танытты.
Әуе айлағы ұжымының барлығы экологиялық акцияға шықты.
Сенбіліктің басты мақсаты - экологиялық ағарту және жастарды тәрбиелеу, сондай-ақ қала аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру.
Жалпықалалық акция шеңберінде әуежай қызметкерлері іргелес аумақтарды санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарлар мен ішкі аумақтарды тазалау, ағаштар отырғызу, арық және жауын желілерін тазалау, жасыл желектерді, азондар мен гүлзарларды күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлер мен ластанған учаскелерді жою жұмыстарын жүргізді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ