Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Барлық жаңалықтар

2021-04-28

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Бүгін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Кездесуге "Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы" "Қызметкерлердің жергілікті кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігі комитетінің төрайымы Гүлжан Шамкенова, әуежайдың атқарушы директоры Дәулет Хамзин және ұйымның қызметтері мен бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар қатысты.
Іс-шара қатысушыларына әуежайдың еңбекті қорғау, экология, стандарттау және метрология қызметінің жұмысы, оның күнделікті жұмысындағы негізгі мақсаттары мен міндеттері таныстырылды.
Сонымен қатар, техникалық инспекторлардың 2020 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды:

2 қызметкер – теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Алғыс хаттарымен;
1 қызметкер – теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен;
15 қызметкер "Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы" "Қызметкерлердің жергілікті кәсіптік одағы " ҚБ-дан ақшалай сыйлықтар, сондай-ақ алғыс хаттар алды»; 5 қызметкер әуежай әкімшілігінен алғыс хаттар алды.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ