Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Әуежай паркоматтарында NFC модулі арқылы қызметтерге ақы төлеу енгізілді
Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында Т2 терминалында және көше паркоматтарында тұрақ жүйесін пайдаланушылар үшін NFC банк карталар модулі арқылы, сондай-ақ төлем құралы қосылған смартфон, сағат, білезік сияқты басқа да техникалық құралдар арқылы тұрақ ақысын төлеу мүмкіндігі енгізілді.
Айта кету керек, төлем карталарының көпшілігі NFC модульдерімен жабдықталған, сондай-ақ паркоматтың конструктивті шектелуіне байланысты сымсыз чиптермен жабдықталмаған қарапайым карталардың төлемін қабылдау мүмкіндігі жоқ pos-терминалдар орнатылған. Бұл шешім паркоматтың құрылымдық ерекшеліктерін өзгертпей, pos-терминалдарды енгізу процесін жеделдетуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, жақын арада әуежай мобильдік қосымшаны енгізуді жоспарлап отыр, онда баспа билетінің QR-кодын сканерлеу арқылы тұраққа ақы төлеу, сондай – ақ банктік карталар және екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы төлем жасау мүмкіндігі көзделетін болады. Kaspi.kz, Halyk Bank.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.