Шұғыл бос жұмыс орны!

Барлық жаңалықтар

2021-05-25

Шұғыл бос жұмыс орны!

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы тексеру бөлімшесінің инспекторларын жұмысқа шақырады.

Талаптар:

  • арнаулы орта, орта–техникалық немесе жоғары білім;
  •  жасы жиырма жастан кем емес;
  • авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарды аяқтағаны туралы сертификат;
  • қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті көлемде мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерін меңгеру.
  • Міндеттері:
  • тексеру бекетіне кезекшілікке түскен кезде құрал-саймандарды, байланыс және тексеру құралдарын, қызметтік құжаттаманы қабылдау, құрал-жабдықтардың, жарықтандырудың, дабыл сигнализациясы мен өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тексеру;
  • тексеру рәсімінен өтпеген ӘК жолаушылары мен экипаж мүшелерінің, бөгде адамдардың, оның ішінде рейстерге қызмет көрсетумен байланысты емес Қоғам қызметкерлерінің, белгіленген үлгідегі рұқсатнамасы, сондай-ақ басқа да растайтын құжаттары жоқ адамдардың стерильді аймаққа (әуеайлаққа) өтуіне жол бермеу;
  • жолаушылардың тексеру пункттеріне кіру кезінде отырғызу талондары мен жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;
  • жолаушыларға ӘК тасымалдауға тыйым салынған заттарды ұсынуы мүмкін;
  • қол жүгін тексеру және жеке тексеру рәсімдерінен жалтаратын жолаушыларды стерильді аймаққа өткізбеу, қажет болған жағдайда оларды ішкі істер органдарына беру;
  • тексеруден өтетін тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша түсінік беру.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ