Шұғыл бос жұмыс орны!

Барлық жаңалықтар

2021-05-26

Шұғыл бос жұмыс орны!

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы арнайы көлік жүргізушілерін жұмысқа шақырады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • орта білім;
  • жасы жиырма бес жастан кем емес;
  • В, С, Д, Е санаттары бар жүргізуші куәлігі;   
  • жүргізушінің жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
  • Міндеттері
  • арнайы машиналардың жұмысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қағидалардың, жол қозғалысы және еңбек қауіпсіздігі қағидаларының, ұшуды қамтамасыз ететін қызметтердің өзара іс-қимыл технологиясының, радиостанциялармен жұмыс істеу қағидаларының талаптарын қатаң сақтау.
  • бригадаға бекітілген арнайы машиналардың (базалық автомобильдің немесе трактордың және арнайы жабдықтың) құрылымын, пайдалану және қызмет көрсету қағидаларын және ерекшеліктерін білу.
  • әуеайлақта (перронда) арнайы машиналардың қозғалысы мен жұмыс істеу қағидаларын қатаң сақтау, әуе кемесіне кіруді және одан кетуді дұрыс жүргізу, сондай-ақ тұрақ орындарында арнайы машиналарды орналастырудың белгіленген тәртібін сақтау.
  • арнайы машиналарды пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ арнайы машиналардың өрт сөндіру жабдықтарын білу және оны қолдана білу.
  • ауысымды қабылдау кезінде арнайы машиналардың сыртқы түрі мен техникалық жай-күйіне мұқият тексеру жүргізу, тексеру кезінде анықталған барлық ақауларда ауысым бригадиріне немесе инженеріне уақытында баяндау.
  • арнайы машиналарды басқа ауысымға беруге дайындау бойынша қажетті жұмыстар кешенін толық жүргізу.

Толық ақпарат: +7 7172 77 79 79

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ