Байқау ережесі

Барлық жаңалықтар

2021-05-26

Байқау ережесі

Жалпы ережелер:

Байқау байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі - БАҚ) журналистері арасында өткізіледі.

Байқаудың ұйымдастырушысы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы"АҚ болып табылады.

Байқау мақсаты:

* Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы қызметінің жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша редакциялық ұжымдардың шығармашылық және кәсіби жұмысын жандандыру;

* БАҚ қызметкерлері арасында кәсіпқойлықты, шығармашылық тәсілді және шеберліктің өсуін ынталандыру;

* Журналистердің шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру, мерзімді баспасөзде және телеарналарда авиация тақырыбын, оның ішінде елорда әуежайының 90 жылдығын кеңінен жариялау.

Өткізу мерзімдері, тәртібі және шарттары:

Байқауға республикалық БАҚ журналистері дайындаған материалдар ұсынылады.

Байқау туралы ереже Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады https://www.nn-airport.kz/.

Байқауға қатысуға өтінімдер электрондық пошта арқылы қабылданады: u.shalekenova@nn-airport.kz сондай-ақ, Қабанбай батыр даңғылы 119, 3033 кабинет мекенжайы бойынша.

Байқау 3 кезеңнен тұрады:

а) материалдарды жинау (2021 жылғы 20 маусымға дейін)

б) конкурстық комиссияның жұмысы (2021 жылғы 26 маусымға дейін)

в) конкурстық комиссияның салтанатты қорытынды шығаруы (2021 жылғы 26 маусым).

 

 

 Байқауға жіберілетін жұмыстарға қойылатын талаптар:

* Конкурстық жұмыстар әр-түрлі жанрда болуы мүмкін - мақалалар, очерктер, репортаждар, мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі теле-радиохабарлар, эфирде 2021 жылғы 26 мамырдан 25 маусымға дейін жарияланған болуы міндетті.

* Газет және журнал материалдары түпнұсқада немесе газет (журнал) жолағының көшірмесінде электрондық поштаға ұсынылады. Басылымның атауын, нөмірін және жарияланған күнін көрсету міндетті.

* Телевизиялық хабарлар, радиосюжеттер, бағдарламаның атауы және эфирге шыққан күні, көрсетілген мекенжай бойынша немесе электрондық пошта арқылы жолдануы керек.

* Интернет-басылымдардың материалдары, жарияланған сайттың және ақпараттық агенттіктің атауы белсенді сілтеме көрсетіле отырып, басып шығарылған түрде жолдануы керек.

Міндетті шарттар:

* мерзімді материалдар көлемі - 400 см2 кем емес;

* теле-радио сюжеттер – 1,5 минуттан кем емес;

* бағдарламалар, кемінде - 15 минут;

* интернет мақалалар көлемі - 1000 белгіден кем емес.

Тиісті түрде ресімделмеген конкурстық жұмыстарды байқаудың комиссия қарамайды және іріктеуге жіберілмейді.

Байқауға қатысушы тек бір номинация бойынша өтінім бере алады. Конкурстық жұмыстар қайтарылмайды және рецензияланбайды. Байқау жұмыстарының тілі-қазақ, орыс.

Конкурстық материалдарды бағалау критерийлері:

* материалдардың аналитикалық деңгейі және ақпараттық қанықтылығы;

* объективтілік және шынайылық, жарияланымда біліксіз қорытындылардың болмауы;

* тақырыптың толық ашылуы;

* авторлық стиль және тіл мәдениеті;

* тақырыптың өзіндік ерекшелігі;

* ұсынылатын ақпараттың жаңалығы мен өзектілігі;

* материалды ұсыну мүмкіндігі;

* қоғамдық қызығушылық таныту;

* материалдарды жазу, монтаждау және беру сапасы.

* материалдың байқау тақырыбына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі.

Жеңімпаздарды іріктеу:

Байқаудың комиссия мүшелері үздік жұмыстарды іріктейді, байқау жеңімпаздарын анықтайды, қосымша номинациялар құру және барлық номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау құқығын өзіне қалдырады.

Байқаудың қорытындылары туралы шешім конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілік дауысының қарапайым шешімімен қабылданады, хаттамамен рәсімделеді. 

Байқаудың комиссия мүшелері себептерін түсіндірмеу және конкурстық жұмыстар бойынша қабылданған өз шешімдерін негіздемеу құқығын өзіне қалдырады.

Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылғы 26 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, салтанатты түрде өткізіледі.

Конкурстың қорытындысын шығару күні өзгертілуі мүмкін.

Қосымша ақпарат телефон арқылы: + 77752374759-Анвар Шалекенов

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ