Балалар арасындағы сурет байқауының қорытындысы шығарылды

Барлық жаңалықтар

2021-06-01

Балалар арасындағы сурет байқауының қорытындысы шығарылды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және әуежайдың 90 жылдығы тақырыбы бойынша әуежай қызметкерлерінің балалары арасында өткізілген сурет байқауының қорытындысы бойынша салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау балаларды қорғау күнін атап өту аясында ұйымдастырылды. Байқауға барлығы 25 сурет және 9 фотосурет ұсынылды.
Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов атап өткендей, келіп түскен барлық жұмыстар жақсы деңгейде орындалған. Ол балаларға оқуда сәттілік тілеп, оларды ата-аналарының ізімен жүруге және авиация саласында дамуға шақырды.
Байқау комиссияның шешіміне сәйкес жүлделі орындар:
1 орын-Омарова Асыл, 4 жаста;
2 орын - Туребаев Альтаир, 5 жаста;
3 орын-Искендир Аруана, 9 жаста;
Үздік фото жұмыс - Рахимбаев Камет, 6 жаста;
Бас жүлде - Кекілбай Әділ, 8 жаста.
Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен ноутбук, самокат, велосипед және планшет алды. Сондай-ақ, байқауға қатысушыларға "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" "Қызметкерлердің жергілікті кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің кәсіподақ комитеті атынан мерекелік сыйлықтар ұйымдастырылды.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ