Елорда әуежайында тұрақ ақысын Kaspi QR арқылы төлеу енгізілді

Барлық жаңалықтар

2021-06-30

Елорда әуежайында тұрақ ақысын Kaspi QR арқылы төлеу енгізілді

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы тұрақ ақысын төлеу мүмкіндігін іске қосты.

Kaspi.kz қосымшамен біріктіру, төлеудің ең ыңғайлы тәсілдерінің бірі QR-кодты сканерлеу арқылы төлеуді енгізуге мүмкіндік берді. Жүргізушіге  Kaspi QR арқылы тұрақ билетіндегі QR-кодты  сканерлеу және көліктен шықпай-ақ төлем жасау жеткілікті.

Бұдан басқа, әуежай қоғамның ақпараттық жүйелерін дамыту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, жақын арада тұрақ ақысын төлеу тәсілдерін кеңейтуге, сондай-ақ саяхат барысында жолаушыларға  жайлылық деңгейін арттыру мақсатында  жеке мобильді қосымшаны іске қосу жоспарлануда.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ қол жетімділікті дамытуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға үнемі ұмтылады. Біз әрқашан өз клиенттерімізге көмектесуге қуаныштымыз.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ