Елорда әуежайы Mastercard Kazakhstan-мен бірлесіп CIP залын ашты

Барлық жаңалықтар

2021-07-03

Елорда әуежайы Mastercard Kazakhstan-мен бірлесіп CIP залын ашты

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ішкі рейстермен жолаушыларға арналған жаңартылған демалыс залы ашылды. Залдың айрықша ерекшелігі - бұл зал алғаш рет Mastercard Kazakhstan серіктестігімен Орталық Азия аумағында ашылды, бұл жерде World Elite Mastercard және World Mastercard Black Edition премиум карталарының иелеріне қызмет көрсетілетін болады.

Залдың ауданы 629 ш.м. құрайды, ол бір мезетте 50 адамға дейін жайлы қабылдай алады. Залда жолаушыларға тіркелу және багажды түсіру алаңы, багажды орайтын пункт, темекі бөлмесі, балалар залы, жиналыс бөлмесі және бар сияқты негізгі қызметтер ұсынылған. «Фуршет» жүйесінде алдын-ала белгіленген мәзірге сәйкес тамақтандыру қызметтерін Coffee BOOM мейрамханалар желісі ұсынады, олар ақылы түрде шығарып салушылар мен қарсы алушылар үшін қол жетімді болады.

Халықаралық компания - Mastercard, әлемнің 210-ан астам елдерінде ұсынылған, World Elite Mastercard және World Mastercard Black Edition премиум карталарының иелері үшін әуежайларда орналасқан эксклюзивті бизнес-залдарға ақысыз қол жетімділікті ұсынатын бірегей қызметке ие. Мәскеу, Санкт-Петербург, Будапешт, Бухарест, Вена, Киев, Прага, Тбилиси, Батуми. Жоғарыда аталған әуежайлардың әрқайсысында орналасқан бизнес-залға келу карта ұстаушыға ақысыз немесе жеңілдікті шарттарда ұсынылады, ал карточка иесінің болу кезеңіндегі шығындар Mastercard-пен толығымен жабылады.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы өз клиенттеріне әлемнің ең жақсы тәжірибесіне сәйкес ең жақсы қызметті ұсынуға қуанышты!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ