Елорда әуежайы «NQZ» мобильді қосымшасын енгізді

Барлық жаңалықтар

2021-07-30

Елорда әуежайы «NQZ» мобильді қосымшасын енгізді

Бүгіннен бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы IOS және Android жүйелерінде пайдаланушылар үшін «NQZ» мобильді қосымшасын енгізді.
COVID-19 жағдайында әуе көлігі саласы жаңа жұмыс ортасына тап болды, онда алғашқы басымдықтардың бірі жолаушылар үшін персоналмен және құрылғылармен физикалық байланыс орнатпай-ақ әуежайдың жалпы инфрақұрылымымен өзара әрекеттесу үшін жағдай жасау болып табылады.
NQZ қосымшасы жолаушылардың жайлылығын арттыру үшін әзірленген және:
* QR-код арқылы әуежай қызметтерін төлеудің, сондай-ақ банк картасымен төлеудің ыңғайлы нысанын жасау;
* рейстер мәртебесінің өзгеруі туралы push хабарландырулар;
* пайдаланушыларды әуежайда коммерциялық қызметтер туралы ақпараттандырудың ыңғайлы арнасын жасау;
* әуежай терминалдарында іздеу және навигация құралдарын оңтайландыру;
* пайдаланушыларға ақпараттық және функционалдық сервистерді жеткізудің заманауи құралдарын жасау;
* әуежаймен баламалы ыңғайлы кері байланыс арнасын құру.
Мобильді қосымшаны енгізу қазірдің өзінде жолаушыларға мобильді құрылғылардың көмегімен қызметтерді басқаруды бастауға мүмкіндік береді.
Әуежайдың мобильді қосымшасын дамыту компанияның АТ саласында ең өзекті және маңызды даму басымдығы болып табылады. Болашақта қосымшаны одан әрі дамыту және «денсаулық», «өзіне-өзі қызмет көрсету», «байланыссыз саяхат», «багажды бақылау» және тағы басқа маңызды бағыттарда сервистерді кеңейту жоспарлануда. Әуежай пайдаланушылардың тілектерін ескере отырып, мобильді қосымшаны одан әрі жетілдіруге дайын. Ұсыныстарыңызды қосымшадағы кері байланыс арнасы арқылы жіберуге болады.
AppStore-да қосымшаны жүктеу сілтемесі:
https://apps.apple.com/kz/app/nqz/id1574341971

Play Market-те қосымшаны жүктеуге сілтемелер:
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.genesis.airport.prod

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ