Елордалық әуежайда БҰҰДБ экспозициясы ашылды

Барлық жаңалықтар

2021-08-18

Елордалық әуежайда БҰҰДБ экспозициясы ашылды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша экспозиция ашылды.

ТДМ - бұл 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді біріктіретін жаһандық стратегия ретінде әзірлеген 17 өзара байланысты мақсат.

Әрбір инсталляция барлық 17 ТДМ өзектілігін, проблематикасын және шешу жолдарын көрнекі көрсетеді. Барлық экспозициялар үш тілде ақпараттық мәтінмен толықтырылған.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы БҰҰ мақсаттарын бөлісе отырып, Еуразия құрлығының заманауи әуежайларының бірі болғандықтан, тұрақты түрде дамуға, жасыл экология қағидаттарын ұстануға және қоршаған ортаны сақтау үшін озық технологияларды енгізуге ұмтылады.

Экспозицияның ашылуы Қазақстандағы БҰҰДБ, сондай-ақ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ