Mastercard карталарын пайдаланушылар елордалық әуежайдың CIP-залына кіру мүмкіндігін пайдалана алады

Барлық жаңалықтар

2021-08-23

Mastercard карталарын пайдаланушылар елордалық әуежайдың CIP-залына кіру мүмкіндігін пайдалана алады

Жекелеген банктердің Mastercard премиум карталарының - World Elite Mastercard және World Mastercard Black Edition иегерлері елорда әуежайының CIP-залын ерекше шарттармен пайдалана алады.


Әлемнің 210-нан астам елінде ұсынылған Mastercard Нұр-сұлтан, Мәскеу, Санкт-Петербург, Будапешт, Бухарест, Вена, Киев, Прага, Тбилиси, Батуми әуежайларында орналасқан эксклюзивті бизнес-залдарға еркін қолжетімділікті ұсыну бойынша world Elite Mastercard және World Mastercard Black Edition премиум карталарын пайдаланушылар үшін бірегей қызметке ие.

Жоғарыда көрсетілген әрбір әуежайдағы бизнес-залға бару карта ұстаушыға тегін немесе жеңілдікті шарттармен беріледі, бұл ретте карта ұстаушының болу кезеңіндегі шығындарды Mastercard компаниясы толық өтейді.
Естеріңізге сала кетейік, шілде айының басында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Т2 терминалында Mastercard CIP-залы ресми түрде ашылды.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ