Елордалық әуежай мен DHL жүк ағынына қызмет көрсету және дамыту бойынша келісім жасады

Барлық жаңалықтар

2021-09-03

Елордалық әуежай мен DHL жүк ағынына қызмет көрсету және дамыту бойынша келісім жасады

«Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы» АҚ 2035 жылға дейінгі жаңа даму стратегиясын іске асыру шеңберінде жүк тасымалдауды дамыту және мультимодальдық орталық құру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Әуежайдың әлемдік жүк тасымалдары нарығына шығуы үшін  Deutsche Post DHL Group (бұдан әрі – «DHL Group») серіктес ретінде таңдалды. Оның бөлімшесі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында жүк ағынын өңдеу бойынша шарт жасалған «ДХЛ Логистика (Қазақстан)» ЖШС (бұдан әрі-«ДХЛ Логистика (Қазақстан»») болып табылады.

Бүгінгі таңда DHL Group логистикалық қызметтер саласындағы әлемдегі жетекші компания болып табылады. DHL Group-тың бүкіл әлем бойынша 68000-нан астам кеңсесі, құжаттар мен жүктерді жеткізуге арналған 34000-ға жуық машиналары және 260-тан астам ұшақтары бар. Әуе тасымалдарынан басқа компания құрлық, темір жол тасымалдарымен айналысады, теңіз фрахты да бар. Күн сайын 220-дан астам ел мен аумақта 570 000-ға жуық қызметкер кәсіпкерлерге халықаралық қызмет жүргізуге, жаңа нарықтарға шығуға және бизнесті дамытуға көмектеседі.

Жасалған шарт әуежай мен DHL Group компаниясы арасындағы әріптестіктің алғашқы қадамы ғана болып табылады. Әуежай барлық серіктестер үшін ашық күйінде қалып отыр және ДХЛ-мен шарт жасасу логистика (Қазақстан), жүк тасымалдары қызметтері нарығын шектемейді, керісінше жүктерді өңдеу және ресімдеуді оңайлату бойынша DHL Group озық технологияларын енгізу есебінен жүк тасымалдары нарығының әлемдік шеберлерінің кіруін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

DHL Group-пен серіктестіктің артықшылығы жүк терминалы қызметтерінің сапасын арттыру, қойма операцияларын басқару жүйесін енгізу, жаңа есепке алу жүйесі, DHL Group жаһандық жүйесіне интеграциялау, бүкіл әлем бойынша әуежай қызметтерінің қолжетімділігі, DHL Group стандарттарын енгізу, жүк терминалы инфрақұрылымын жаңғырту және кеңейту, жүк тасымалдары мен әуежайдың қаржылық көрсеткіштерін ұлғайту болып табылады. DHL Group жаһандық желісі арқылы жеткізілетін халық тұтынатын тауарлар ассортиментін тарту және жақсарту мүмкін болады. Халық өз жүктерін, сәлемдемелерін сапалы және тез жібере алады. Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік тасымалдар да өседі.

Өз кезегінде, жасалған шартты іске асыру әуежайға жаңа авиакомпанияларды тартуға, жаңа авиамаршруттар ашуға, жаңа елдермен және қалалармен байланыс орнатуға, сондай-ақ жүк инфрақұрылымын кеңейтуге және жаңғыртуға сондай-ақ, жабдықтарды жаңартуға мүмкіндік береді.

Біздің ынтымақтастығымыз логистика және қоймалық өңдеу саласындағы алдыңғы қатарлы компанияның кәсіби тәжірибесін алуға, жүк айналымын арттыруға және жүкті өңдеу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ