Елордалық әуежай мен «Эйр Астана» басшылығы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Барлық жаңалықтар

2021-09-10

Елордалық әуежай мен «Эйр Астана» басшылығы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Елордалық әуежайда «Эйр Астана» әуекомпаниясы мен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басшылығының кездесуі өтті.
«Эйр Астана» әуекомпаниясы отандық жетекші әуекомпания, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының стратегиялық серіктесі болып табылады.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ болашақ бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Атап айтқанда, елордалық әуе айлағынан рейстерді ұлғайту мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар, кездесуде әуекомпания басшылығы әуежайды 2035 жылға дейін дамыту жоспарымен, сондай-ақ қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ