Елорда әуежайында Starbucks кофеханасы ашылды

Барлық жаңалықтар

2021-09-13

Елорда әуежайында Starbucks кофеханасы ашылды

Бүгіннен бастап Starbucks халықаралық бренді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының 2-терминалындағы ішкі рейстердің жолаушыларына қызмет көрсететін болады. Кофехананың ашылуына «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов және Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Хамзин қатысты.
«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының аумағында әлемдегі ең танымал Starbucks кофеханасы ашылатынын ресми түрде жариялау біз үшін үлкен мәртебе. Өздеріңіз білетіндей, бұл компания мінсіз беделге ие. Starbucks кофеханалары қалың бұқара арасында өте танымал», - деді Ғабит Тәжімұратов.


Әуежай аумағында Starbucks кофеханасын ашудың негізгі себебі елордада кофе тұтынудың мәдениеті өсіп келе жатқандықтан екенін атап өткім келеді.
«Баршамызға белгілі, мейрамхана бизнесі тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша коронакризистен зардап шеккендердің қатарында болды. Осыған қарамастан, осы уақыт ішінде біз әуежайда барлық сауда нүктелері – кафелер, дүкендер және сауда бутиктерінің жұмысын шектемеуге тырыстық. Ал бүгінгі Starbucks кофеханасының ресми ашылуы осының тағы бір дәлелі», - деп толықтырды Басқарма төрағасы.


Starbucks желісі әлемнің 75 еліндегі 29 мыңнан астам сауда нүктелерін біріктірді (олардың 14 мыңы лицензия бойынша жұмыс істейді).
Қазақстанда Starbucks брендінің 34 ал, елордада 13 нүктесі жұмыс істейді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ