Шағын футболдан Авиация кубогына арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті

Барлық жаңалықтар

2021-09-20

Шағын футболдан Авиация кубогына арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті

Елорда әуежайының 90 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында 18-19 қыркүйекте еліміздің әуежайлары мен авиакомпаниялары арасында Авиация кубогына арналған шағын футболдан республикалық турнир өтті.


Іс-шараға ҚР ИИДМ Азаматтық Авиация комитетінің,Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының, Қазаэронавигация, Көкшетау, Қарағанды әуежайларының, Эйр Астана, СКАТ, Қазақ Эйр, Жетісу авиакомпанияларының командалары қатысты.


Қазақстан футбол федерациясы өкілдерінің қатысуымен өткен турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Қазаэронавигация командасы, екінші орынды Жетісу әуе компаниясы, үшінші орынды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының командасы алды. Жеңімпаздар кубоктармен, ақшалай сыйлықтармен, сондай-ақ сыйлық сертификаттарымен марапатталды.

 

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ