Елорда әуежайында "Жер-2021" оқу-жаттығуы өтті

Барлық жаңалықтар

2021-09-22

Елорда әуежайында "Жер-2021" оқу-жаттығуы өтті

Бүгін 2021 жылғы 21 қыркүйекте «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ аумағында «Алматы облысындағы жер сілкінісі нәтижесінде туындаған ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.
Авиациялық тасымалдарды қамтамасыз ету қызметі болып табылатын «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-да зардап шеккен өңірлерге жер сілкінісінің теріс салдарын жоюға көмек көрсету үшін құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің басшы және жеке құрамы, қоғамның азаматтық қорғау құралымдарының күштері тартылды.
Қоғамдағы оқу-жаттығуларға дайындық барысында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы АҚ-ның «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға дайындығы және қатысуы туралы бұйрық «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-да әзірленді және бекітілді.
«Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу шеңберінде жедел топтың жылжымалы басқару пунктінің бір озық құрамының 1 эшелонын әуе кемесіне жеткізу және тиеу бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін қаланың құтқару және медициналық құрамы әуе кемесіне практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін ұсынылды. Оқу-жаттығу барысында әуежайдың жеке құрамынан 45 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысуға дайын.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ