Елордалық әуежайда covid-19-ға қарсы вакцинация пункті ашылды

Барлық жаңалықтар

2021-09-27

Елордалық әуежайда covid-19-ға қарсы вакцинация пункті ашылды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында халықты ерікті, тегін вакцинациялау пункті ашылды. Вакцинациялау орны 2 және 1 терминалдар арасындағы өтпелі галереяда орналасқан. Жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 17: 00-ге дейін. Вакцина алғысы келетіндер үшін күту аймақтары және вакцинациядан кейінгі адамдардың жағдайын бақылау аймақтары ұйымдастырылған. Медицина қызметкерлерінің консультациясы ұсынылады. Екпе жұмыстарын Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "№11 Қалалық емхана" ШЖҚ МКК жүзеге асырады. Қолданыста Веросел (Sinofarm) және Kaz Vac вакциналары бар.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ