Шұғыл бос жұмыс орны!
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ жұмысқа орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар
ӘКҚ арнайы машинасының жүргізушісі:
Талаптар
- жасы жиырма бес жастан кем емес;
- В, С, Д, Е санаттары бар жүргізуші куәлігі;
- жүргізушінің жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
Міндеттері
- арнайы машиналардың жұмысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қағидалардың, жол қозғалысы және еңбек қауіпсіздігі қағидаларының, ұшуды қамтамасыз ететін қызметтердің өзара іс-қимыл технологиясының, радиостанциялармен жұмыс істеу қағидаларының талаптарын қатаң сақтау.
- бригадаға бекітілген арнайы машиналардың (базалық автомобильдің немесе трактордың және арнайы жабдықтың) құрылымын, пайдалану және қызмет көрсету қағидаларын және ерекшеліктерін білу.
- әуеайлақта (перронда) арнайы машиналардың қозғалысы мен жұмыс істеу қағидаларын қатаң сақтау, әуе кемесіне кіруді және одан кетуді дұрыс жүргізу, сондай-ақ тұрақ орындарында арнайы машиналарды орналастырудың белгіленген тәртібін сақтау.
- арнайы машиналарды пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ арнайы машиналардың өрт сөндіру жабдықтарын білу және оны қолдана білу.
- ауысымды қабылдау кезінде арнайы машиналардың сыртқы түрі мен техникалық жай-күйіне мұқият тексеру жүргізу, тексеру кезінде анықталған барлық ақауларда ауысым бригадиріне немесе инженеріне уақытында баяндау.
- арнайы машиналарды басқа ауысымға беруге дайындау бойынша қажетті жұмыстар кешенін толық жүргізу.