Шұғыл бос жұмыс орны!

Барлық жаңалықтар

2021-09-29

Шұғыл бос жұмыс орны!

Тексеру бөлімшесі инспекторы: Талаптар - арнаулы орта, орта–техникалық немесе жоғары білім; - жасы жиырма жастан кем емес; - авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарды аяқтағаны туралы сертификат; - қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті көлемде мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерін меңгеру. Міндеттері - тексеру бекетіне кезекшілікке түскен кезде құрал-саймандарды, байланыс және тексеру құралдарын, қызметтік құжаттаманы қабылдау, құрал-жабдықтардың, жарықтандырудың, дабыл сигнализациясы мен өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тексеру; - тексеру рәсімінен өтпеген ӘК жолаушылары мен экипаж мүшелерінің, бөгде адамдардың, оның ішінде рейстерге қызмет көрсетумен байланысты емес Қоғам қызметкерлерінің, белгіленген үлгідегі рұқсатнамасы, сондай-ақ басқа да растайтын құжаттары жоқ адамдардың стерильді аймаққа (әуеайлаққа) өтуіне жол бермеу; - жолаушылардың тексеру пункттеріне кіру кезінде отырғызу талондары мен жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге; - жолаушыларға ӘК тасымалдауға тыйым салынған заттарды ұсынуы мүмкін; - қол жүгін тексеру және жеке тексеру рәсімдерінен жалтаратын жолаушыларды стерильді аймаққа өткізбеу, қажет болған жағдайда оларды ішкі істер органдарына беру; - тексеруден өтетін тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша түсінік беру.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ