Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Шұғыл бос жұмыс орны!
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ға (бұдан әрі - Қоғам) жұмысқа орналасу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар Жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі кіші агент: Талап - Жасы 18-ден асқан. - Орта, арнайы орта немесе жоғары білім. - Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білуі (ағылшын тілі intermediate деңгейінен төмен емес). Қосымша шет тілдерін білу артықшылық болып табылады. Міндеттері - Тасымалдау құжаттарын тексеру жадынамасына сәйкес қажетті тасымалдау құжаттарын, баратын жеріне дейін ресімдеу мерзімдерін (төлқұжаттар мен визалардың болуын және қолданылу мерзімдерін, сондай-ақ жолаушылардың бір мәртелік визаны, егу туралы куәлікті, өзге де сертификаттарды пайдалануын тексеру) тексеру арқылы жолаушыларды сәйкестендіруді жүзеге асыру. - Жолаушыларды қол жүгін тасымалдау қағидалары туралы және тасымалдауға рұқсат етілген багаждың стандартты мөлшері мен салмағы туралы, сондай-ақ тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы хабардар ету. - Тасымалдаушыны тіркеу жүйесіне жолаушы және тасымалданатын багаж туралы қажетті ақпаратты енгізу жолымен барлық жолаушыларды тіркеуді орындау. - Жүкті өңдеудің механикалық құралдарын пайдалана отырып, тасымалдауға қабылданатын багажды қауіпсіз тасымалдау және оның сақталуы үшін сыртқы тексеруді жүзеге асыру.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.