Нұсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы «Көлік және логистика нарығы» халықаралық конференциясына қатысты

Барлық жаңалықтар

2021-10-15

Нұсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы «Көлік және логистика нарығы» халықаралық конференциясына қатысты

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы 13-14 қазанда Алматы қаласында өткен «Көлік және логистика нарығы» III Халықаралық конференциясына қатысты.
Елордалық әуежайдың Басқармасы Төрағасының Бірінші орынбасары Дәулет Хамзин модератор болған «Пандемия кезіндегі авиация саласы. Инфрақұрылымдық жобалар» жобасының аясында сарапшылар Қазақстан әуежайларының жерүсті инфрақұрылымы мекемелерінің жұмыс істеп тұрған нысандарын қайта құру және жаңаларын салу мәселелерін талқылады.

Бұдан басқа, пандемия кезеңінде авиатасымалдаушы компанияларды фискалдық және қаржылық қолдауға қатысты мәселелер, халықаралық ұшу бағыттарын ашуға және ішкі жолаушылар ағынын қалпына келтіруге шектеулерді алып тастауға қазіргі кедергілер көтерілді.
Конференция аудиториясын халықаралық сарапшылар, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары, қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер таныстырды.
Конференция аясында көліктік, логистикалық компаниялар мен әуежайлардың көрмесі өткізілді, онда елордалық әуе айлағы әлеуетті тұтынушылар үшін өз қызметтерін таныстырды.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ