Қазақстан мен Қырғызстан авиациялық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтеді және нығайтады.

Барлық жаңалықтар

2021-10-20

Қазақстан мен Қырғызстан авиациялық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтеді және нығайтады.

Қырғыз Республикасының Көлік және Жолдар министрлігі жанындағы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің өкілдері Қазақстанға келді.
Сапардың мақсаты тәжірибе алмасу, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша елдер арасындағы өзара іс-қимыл және үйлестіру деңгейін арттыру болып табылады.


Кездесуді өткізу 2021 жылы Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы жариялаған авиациялық қауіпсіздік мәдениеті жылына орайластырылды.
Қырғыз делегациясы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында болып, әуежай периметрінің белгіленген қауіпсіздік жүйесімен, аумаққа кіруді бақылауды қамтамасыз етумен, борттық азық-түлік қауіпсіздігін және жүк пен пошта қауіпсіздігін қамтамасыз етумен танысты.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ