Қолайсыз ауа-райына байланысты қар тазалау жұмыстары

Барлық жаңалықтар

2021-11-25

Қолайсыз ауа-райына байланысты қар тазалау жұмыстары

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының тиісті қызметтері елорда әуежайын қардан тазарту үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы республикалық БАҚ тілшілеріне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Ерғазы Жолдасов айтып берді.
"Қазір ауа-райы бір қалыпқа келіп, қар тазалау жұмыстары ойдағыдай жүріп жатыр. Ал, түнде көрінудің нашар болуына байланысты тазалау қиын болды. Жолақтарды тазалау бойынша 21 бірлік техника, сондай-ақ күшейтілген режимде 35 адам жұмыс істеп жатыр. Жолақты тазартуға арналған арнайы реагент бар. Біз жолақты сол реагентпен өңдейміз. Алдымен дымқыл қар жауып, мұз пайда болады. Сондықтан, алдымен қарды тазалап алып, содан кейін реагентпен тазалаймыз. Ұшақтарға қызмет көрсету өте қиын. Кейбір ұшақтарда жүксалғыштар да ашылмай жатады, өйткені бәрі ылғалды қардың салдарынан қатып қалады",-деп түсіндірді Ерғазы Жолдасов.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ