Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваның кездесуі өтті.

Барлық жаңалықтар

2022-01-17

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваның кездесуі өтті.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваның кездесуі өтті.
Польша астанасы Варшавада өткен әлем чемпионатында 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева "блицте" бірінші орын алып, әйелдер арасындағы әлем шахматы тарихындағы ең жас шахматшы атанды.
Сонымен қатар, аталған чемпионатта Бибісара жылдам шахматтан (Рапид) 2 орын алды. Шешуші партияларда Бибісара грузиялық тәжірибелі шахматшы - гроссмейстер Нана Дзагнидзені, өз отандасы Әсел Серікбайды жеңді және халықаралық чемпионаттың жеңімпазы гроссмейстер Александра Костенюкпен тең түсті.
Чемпионды туыстары, достары және жанкүйерлері қарсы алды!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ