«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында су тасқыны кезеңіне дайындық өтті

Барлық жаңалықтар

2022-03-03

«Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында су тасқыны кезеңіне дайындық өтті

Бүгін елорда әуежайының аумағында «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында су тасқыны кезеңіне дайындық өтті. Жаттығу барысында барлығы 35 техника, 2 сорғыш құрылғы мен мотопомпа , жеке құрамның 65 адамы дайындықтан өтті. Жеке құрам арнайы киіммен және құрал-жабдықпен толық жасақталған. Әуежайда бұйрыққа сәйкес әртүрлі ТЖ-ға тартылатын азаматтық қорғаудың 8 құрылымы бар.
Ұшу-қону жолағын су басқан жағдайда жолақ жанындағы үйіндіні нығайту үшін 10 тонна құм және 10 тонна қиыршық тас сатып алынды. Бүгінде барлық аймақтар қардан тазартылып, канал арнасы Майбалық көліне дейін тереңдетілді. Әуежай аймағында қауіпсіздік шаралары толық қолға алынып, қызу жұмыс атқарылып жатыр.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ