НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ ПАРИЖДЕ «ОА ЖӘНЕ ТМД-дағы ҮЗДІК ӨҢІРЛІК ӘУЕЖАЙ» ДЕП ТАНЫЛДЫ

Барлық жаңалықтар

2022-06-17

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ ПАРИЖДЕ «ОА ЖӘНЕ ТМД-дағы ҮЗДІК ӨҢІРЛІК ӘУЕЖАЙ» ДЕП ТАНЫЛДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы World Airport Awards-та Орталық Азия/ТМД-дағы үздік өңірлік әуежай деп танылды. Марапат 2022 жылғы 16 маусымда Париждегі ЭКСПО жолаушылар терминалында табыс етілді.

World Airport Awards (әуежайлардың әлемдік марапаты) - бұл әуежайлар индустриясындағы ең беделді марапат, оның дауыс берушілері әуежай клиенттерінің қанағаттануы туралы жыл сайынғы ең ірі жаһандық сауалнамада дауыс берді.

Зерттеу әуежайдың клиенттерге қызмет көрсету сапасын және тіркеу, ұшып келу, трансфер, сатып алу, қауіпсіздік/паспорттық бақылау сынды негізгі көрсеткіштердің тиімділігін бағалайды.

Авиация саласында сапа стандартының жоғары марапатын алу – үлкен мәртебе! Елорда әуежайының қызметкерлерін, әуеайлақ ұжымын жеңісімен құттықтаймыз!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ