Ел тарихында алғаш рет елорданың халықаралық әуежайы авиация саласындағы «NQZ AVIATION AWARDS» сыйлығын ұйымдастырды

Барлық жаңалықтар

2022-06-21

Ел тарихында алғаш рет елорданың халықаралық әуежайы авиация саласындағы «NQZ AVIATION AWARDS» сыйлығын ұйымдастырды

2022 жылдың 21 маусымы еліміздің авиация саласы үшін айтулы оқиға болды. Ел тарихында алғаш рет елорданың халықаралық әуежайы авиация саласындағы «NQZ AVIATION AWARDS» сыйлығын ұйымдастырды.
NQZ Aviation Awards-та тұрақты рейстерді орындайтын 18 әуекомпаниямен қоса рейстерді уақытша тоқтатқан 14 серіктес компаниялар да марапатталды. Марапаттау бұл сәтті ынтымақтастық үшін және авиация саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіру белгісі болып табылады. Әуекомпаниялар 15 номинация бойынша марапатталып, серіктестерге алғыс хаттар табыс етілді. Жалпы қатысушылар саны 80 адамды құрады. Олардың қатарында Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері, әуекомпаниялардың басшылығы және журналистер болды. Іс-шара қорытындысы бойынша оң пікірлер айтылды. Өздеріңіз білетіндей Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы World Airport Awards-та Орталық Азия/ТМД-дағы үздік өңірлік әуежай деп танылған еді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ