Елорда әуежайынан 190 адам қажылық сапарға аттанды

Барлық жаңалықтар

2022-07-03

Елорда әуежайынан 190 адам қажылық сапарға аттанды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорда әуежайында қажыларды шығарып салуға қатысты.

Қажыларды арнайы жіберу рәсімі қасиетті Құраннан аяттарды оқудан басталды. Бас мүфти қажыларға бақытты жол тілеп, әрбір мұсылманның өмірінде қажылықтың маңыздылығын атап өтті.

«Алланың қалауымен, Алла тағаланың шақыруымен сіздер қасиетті Қағбаға қажылыққа сапарға шыққалы отырсыздар. Алла Тағала сіздердің қажылықтарыңызға батасын берсін! Алла Тағала сіздерді екі дүниеде бақытты, сапарларыңызды сәтті әрі берекелі етсін!» -, деп ақ тілегін білдірді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кету керек, бүгін 200-ге жуық адам Алла тағаланың алдындағы міндеттерін орындау үшін қала әуежайынан ұшып кетті.

Қажылық сапарға аттануға ниет еткен отандастарымыздың сапарына сәттілік тілейміз. Алла алдындағы парыздарын орындап, елге аман-есен оралуына тілектеспіз!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ