Елордаға Уимблдон – 2022 чемпионы Елена Рыбакина келді!

Барлық жаңалықтар

2022-07-11

Елордаға Уимблдон – 2022 чемпионы Елена Рыбакина келді!

Әлемдік теннис турнирінің жеңімпазын Елена Рыбакинаны елордалықтар әуежайдан күтіп алды.
Чемпионды Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайынан спортшының жанкүйерлері мен БАҚ өкілдері қарсы алды.
Күтіп алушылар Елена Рыбакинаға құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын сыйлады.
Үлкен теннис шебері қазақстандық теннисшілер арасында тұңғыш рет жекелей сында «Үлкен дулыға» додасының жеңімпазы атанды.
Еске салайын, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ