Ұшу-қону жолағын жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Барлық жаңалықтар

2022-07-15

Ұшу-қону жолағын жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Ұшу-қону жолағын жоспарлы ағымдағы жөндеу міндетті болып табылады және ең алдымен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Шешім қабылдау кезіндегі басымдық:
осы жұмыстарды орындау сапасы және жабу мерзімдері. Сондай-ақ,осы жылдың желтоқсан айында әуеайлақ сертификатының мерзімі аяқталатынын атап өткен жөн. Оны алу үшін барлық элементтерді жарамдылық нормаларына сәйкес келтіру керек.
Түнгі уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде мерзімдер едәуір ұлғаяды және олардың сапасы төмендейді.
Бұған дейін әуежай түнгі уақытта ұшу-қону жолағының регламенттік жөндеулерін жүргізген болатын, бірақ сапасы қанағаттанарлықсыз болды және көп нәрсені қайта жасауға тура келді.
Айта кету керек, ҰҚЖ-дағы жөндеу жұмыстарынан басқа, жолақтың жарық сигналдық жабдықтарын жөндеу жұмыстары жүргізіледі, оны тек күндізгі уақытта жасау керек.
Сонымен қатар, ірі шетелдік әуежайлардағы слоттарды өзгертпеу үшін авиакомпаниялардың халықаралық рейстердің кестесін өзгертпеу туралы өтініштері ескерілді (олардың 70% - ы түнде орындалады).
Келесі маңызды фактілерді атап өту керек:
1. ҰҚЖ жөндеу 2021 жылы жоспарланған болатын, авиакомпаниялар мен Қазаэронавигацияны тарта отырып, бірнеше рет кеңестер өткізілді. 2022 жылдың ақпан айында жолақтың жөндеуі туралы ескерту жарияланды. Бұл жазғы кесте енгізілгенге дейін айтылған болатын.
2. Әуежайда ҰҚЖ жөндеу жүргізудің осы тәжірибесі авиациялық нарықтың барлық қатысушыларымен пысықталған және келісілген жоспар бойынша бірнеше жыл бойы жыл сайын жүргізіледі.
3. Рейстер түзетілген кестеге сәйкес орындалатын болады. Жөндеумен байланысты рейстерді жоспардан тыс тоқтату және ауыстыру мүмкін емес.
4. Қолайлы ауа-райы жағдайларын ескере отырып, жөндеу мерзімі қатаң түрде реттеледі.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ