Құрметті жолаушылар, сіздер үшін маңызды ақпарат!

Барлық жаңалықтар

2022-07-21

Құрметті жолаушылар, сіздер үшін маңызды ақпарат!

Бұл күндері елордалық әуежайдың ұшу-қону жолағында жарық-сигналдық жабдықтар жөнделуде. Бұл біздің қаламыздың әуе айлағы үшін өте маңызды процесс.
Жарық-сигнал жүйесі әуе кемелері ұшқыштарының түнгі уақытта немесе шектеулі көріну жағдайларында жұмыстарына кедергі келтірмеу үшін негізделген. Сондықтан ол әрдайым іске қосулы болуы керек.
Қазір асфальттағы шұңқырларды жөндеу кезінде кейбір шамдар зақымданып, аэродром қызметі оларды қалпына келтіруде. Ол үшін кем дегенде 5-6 сағат уақыт қажет. Содан кейін қатты жабынды әуе кемелерін қабылдауға дайындық жүреді.Кейбір тереңдетілген шамдар мен тоқтар зақымданғандықтан оларды қысқа мерзімде қалпына келтіру қажет болады. Сонымен қатар, бұл жұмыстарды орындау үшін көптеген түрлі құралдар мен керек-жарақтарды пайдалану қажет. Сондықтан жұмыстың бұл түрлері күндізгі уақытта орындалуы керек. Сондай-ақ істен шыққан ҰҚЖ-ның қалған шамдарын қоректендіретін кабельді ауыстыру бойынша жұмыстар қатары жүргізілуде.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ