«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы ҰҚЖ-дағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Барлық жаңалықтар

2022-08-03

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы ҰҚЖ-дағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов елорда әуежайының ҰҚЖ-дағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Естеріңізге сала кетейік, қала әуежайында 2022 жылғы 15 шілде мен 8 тамыз аралығында ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары күндізгі сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көрсетілген жөндеу жыл сайын жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешімді әуежай осы жылдың ақпан айында қабылдады, содан кейін осы жұмыстардың кестесі туралы ақпарат әуекомпанияларға уақтылы жіберілді. Әуетасымалдаушылар әуежайдан алынған хабарлама негізінде рейстер кестесіне өзгерістер енгізді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ