Ғабит Тәжімұратов әріптестеріне алғысын білдірді

Барлық жаңалықтар

2022-09-08

Ғабит Тәжімұратов әріптестеріне алғысын білдірді

Алдыңғы апта елорда әуежайы үшін маңызды шешім қабылданды. Атап айтқанда Басқарма Төрағасы Ғабит Қалиұлы Тәжімұратов 7 жыл бойы еңбек еткен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы қызметін босатты. Ол ең алғаш елорда әуежайына 2015 жылдың қыркүйек айында Басқарма Төрағасының орынбасары болып келіп, кейінірек атқарушы директор қызметін атқарып, 2019 жылы Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. Әуежай соңғы 3 жылда үлкен дағдарыстан шықты. Уханьнан келген рейсті біріншілердің бірі болып қарсы алдық, «Ashyq» бағдарламасын енгізіп, жолаушылар қауіпсіздігін барынша қамтамасыз еттік. Елорда әуежайының елді мойындатқан «SkyTrax» марапатын иелену сәтіне де куә болдық. Жылдар бойы әуеайлаққа сіңірген еңбегін елеп-ескеріп, Ғабит Қалиұлын алғыс хат табыстап, шығарып салдық. Алдағы қызметіне табыс тілей отырып, жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ