Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Әуежайда «Ұлттың ұлы ұстазы" атты ақпараттық сағат өтті
Өткен күндері елордалық әуежайда ұлт көсемі ретінде танылған Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай әуежай қызметкерлері арасында «Ұлттың ұлы ұстазы" атты ақпараттық сағат аясында жаппай диктант өткізілді. Аталмыш шараның басты мақсаты: тұтас ұлттың көсемі болған Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін дәріптеу, А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, қызметкерлердің шығармашылық әлеуметін сақтау және дамыту, сауаттылық деңгейін тексеру, шығармашылық әлеуметін анықтау. Ақпараттық сағат барысында А.Байтұрсынұлының өмірі туралы ақпарат берілді. Ол тек ғалым, көптеген оқулықтардың құрастырушысы, аудармашы, этнограф қана емес, сонымен қатар жас балаларға арналған көптеген өлеңдердің авторы болып саналды. Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми - педагогикалық еңбектерінің нәтижесінде бізде қазақ әліпбиі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі мен этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы бар. А.Байтұрсынов осы тынымсыз еңбегімен қазақ әдебиетін жоғары деңгейге көтеріп, ұлттық мектеп пен қазақ әдебиетінің негізін қалады. Ол қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарқын сәулесі ретінде халық жадында қалды.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.