Әуежайда өткізілген жаппай диктанттың қорытындысы белгілі болды

Барлық жаңалықтар

2022-09-14

Әуежайда өткізілген жаппай диктанттың қорытындысы белгілі болды

Қоғамда 2022 жылғы 05-11 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күніне орай іс-шаралар жоспары бекітіліп, өткізілді.
Атап айтқанда, өткен аптада «Ана тілімнің күні» атты поэтикалық үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында «Ұлттың ұлы ұстазы» атанған, бүкіл саналы ғұмырын қазақ тілінің дыбыстар жүйесін зерттеуге арнап, қазақтың жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысқан қоғам қайраткері, белгілі қазақ ақыны Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянына шолу, ақынның шығармашылығы туралы баяндама жасалды, ең үздік шығармаларынан үзінділер оқылды.
Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы шеңберінде, «Тіл сауаттылығы – күн талабы!» атты жаппай диктант жазу акциясы өткізілді.
Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мухиден Қалкенұлы Абильдиновке сөз беріліп, шараға қатысқан қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды. Жиынға Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Ерғазы Абирович Жолдасов та қатысты.
Жаппай диктантқа барлығы 29 адам қатысып, оның 15-і үздік нәтиже көрсетті.
Әуежай басшылығының шешімімен барлық қатысушыларды марапаттау туралы шешім қабылданды.
Осындай іс-шаралар Қоғамда жиі өткізіліп, келешекте диктант жазуға қатысушылар саны арта беретініне сенім білдіреміз.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ