8 қазан күні QAZAQ AIR әуекомпаниясы қызметкерлерінің балаларына арналған бортқа экскурсия өтті

Барлық жаңалықтар

2022-10-08

8 қазан күні QAZAQ AIR әуекомпаниясы қызметкерлерінің балаларына арналған бортқа экскурсия өтті

Бала кезінен кім әуежайға баруды, әуе кемелерінің жанындағы ұшу-қону жолағында серуендеуді және ұшақ ішінде болуды армандаған жоқ?

8 қазан күні QAZAQ AIR әуекомпаниясы қызметкерлерінің балаларына арналған бортқа экскурсия өтті.

Таңертеңгі сағат 10-да балалар ата-аналарымен бірге әуежайдың кіреберісіне жиналды. Компания қызметкерлері оларға өз аумағындағы мінез-құлық ережелері бойынша нұсқау берді. Содан кейін әдеттегі рейсте болатын шаралар жүзеге асырылды.

Ұшқыш кабинасына отыру, бортсеріктердің жұмысы, әуеайлақтың тыныс-тіршілігімен таныс болу секілді балалар үшін тың дүниелер осы экскурсияда болды. Балалар ата-аналарының қызметімен етене таныс болып, қызықты сәттердің куәсі бола алды.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ