Елорда әуежайының баспасөз қызметінің жаңа жетекшісі тағайындалды

Барлық жаңалықтар

2022-10-26

Елорда әуежайының баспасөз қызметінің жаңа жетекшісі тағайындалды

«Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі болып Уақпаев Мадияр Серікұлы тағайындалды
Бұған дейін ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қоғамдық коммуникациялар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.
М. Уақпаев 1991 жылғы 17 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген. «Қайнар» гуманитарлық-техникалық колледжін, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы Тараз қаласындағы «77 TV» телеарнасының тілшісі болып бастаған.
2016-2019 жылдары аймақтық «77 TV» арнасында журналист, редактор, тележүргізушісі ретінде еңбек еткен.
2019 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің консультанты.
2019-2022 жылдары – ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.
Ал 2022 жылдың қаңтар айынан бері ҚР ИИДМ Қоғамдық коммуникациялар департаменті директорының орынбасары болып еңбек етті.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ