«Cargolux» жүк әуекомпаниясымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Барлық жаңалықтар

2022-10-27

«Cargolux» жүк әуекомпаниясымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2022 жылғы 21 қазанда «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин және ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев «Cargolux» әуекомпаниясының вице-президенті Максим Штрауспен кездесу өткізді.
Сапар Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Марғұлан Баймұханның қолдауымен және жеке бастамасымен ұйымдастырылды.
Тараптар Астана әуежайы арқылы техникалық тұрақтарды орындау және жүк хабын дамыту бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Өз тарапынан елорда әуежайы осындай рейстерді орындауда жеткілікті тәжірибесі бар екендігін атап өтіп, әуе кемелеріне жанармай құю, экипаждың демалысы мақсатында техникалық қонуды орындауға және рейстерді қабылдауға дайын екендігін білдірді.
Елордалық әуежай Қазақстан Республикасының елшілігіне Бельгия Корольдігіндегі сапары мен ұйымдастырылған кездесуі үшін алғыс білдіреді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ