Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Отандық лоукостер Астана әуежайында iJan атты инновациялық толық қызмет ұсынатын терминалдарды іске қосты
iJan терминалдары арқылы FlyArystan тұтынушылары жылдам әрі жайлы қызметтер түрін ала алады. Атап айтқанда, сервис рейске тіркеу, жүкті өткізу және өлшеу қызметтерін жүзеге асырады. Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында «Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында» 8 терминал орнатылды. Қазіргі кезеңде iJan терминалдары өз бетімен тіркеуді тек ішкі рейстерге ұсынады. Ал кейіннен халықаралық рейстер қосылмақ.
«iJan сервисінің көмегіне барлық жолаушылар жүгіне алады. Тіркеуден бөлек, мұнда жүкті өлшеу, арнайы таңбаланған қағаздар алу сияқты жұмыстар іске асырылады. Бұның барлығы кезексіз орындалады. Бұл жаңашылдық жолаушылардың әуежайға дер кезінде келуіне, тіркеуді өздігінен өтуіне мүмкіндік бермек. iJan – қазақстандық авиация саласын цифрландырудағы елеулі жаңалық деп айтуға толық негіз бар. Елорда әуежайында алғаш болып осындай инновациялық тәжірибенің енгізілгені біз үшін айтарлықтай оқиға», – деді әуежайдың Басқарма Төрағасы Дәулет Хамзин.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.