Елорда әуежайы аумағында QAZAQSTAN CATERING SOLUTIONS ЖШС-мен бірлесіп қызметкерлерді эвакуациялау және шартты өртті сөндіру бойынша жаттығулар өтті

Барлық жаңалықтар

2022-11-08

Елорда әуежайы аумағында QAZAQSTAN CATERING SOLUTIONS ЖШС-мен бірлесіп қызметкерлерді эвакуациялау және шартты өртті сөндіру бойынша жаттығулар өтті

Автоматты өрт дабылын тексеру жаттығуына құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің басшылары, қоғамның азаматтық қорғау құрылымдарының жеке құрамы тартылды. Жаттығу бекітілген оқу-жаттығу жоспарына сәйкес өткізілді. Оқу-жаттығуларға қатысқан қызметкерлермен теориялық сабақтар өткізілді. Жаттығу аяқталғаннан кейін адамдарды эвакуациялауға және шартты өртті сөндіруге дайындық қорытындылары шығарылды. Жалпы жаттығу оң нәтиже бергені атап өтілді. Автоматты өрт дабылы іске қосылды. Әуежайдың авариялық-құтқару командасы мен ҚТ құрылымдары өз міндеттерін орындады. Жаттығудың мақсаттары мен міндеттеріне толық қол жеткізілді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ