Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Астананың әуе айлағы Бахрейн әуежайымен тәжірибе алмасты
Тәжірибе алмасу мақсатында төрағаның қаржы жөніндегі орынбасары Мұхиден Әбілдинов бастаған «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ делегациясы Бахрейн Корольдігіндегі Манама қаласының халықаралық әуежайына барды.
Әуежай басшылығымен - пайдалану жөніндегі бас директор Али Рашид мырзамен, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар жөніндегі вице-президент Махмуд Алддуки мырзамен, әуежайды пайдалану жөніндегі вице-президент Ахмед Жанахи мырзамен кездесу өткізілді.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру, әуежай мен оның жекелеген қызметтерінің жұмысын жоспарлау және басқару процестерін цифрландыруды арттыру үшін заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану бөлігінде делегация Бахрейн әуежайының ахуалдық орталығының, инженерлік жүйелер мен желілерді басқару орталығының, сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету жүйелерінің жұмысымен және әуежай перронындағы технологиялық процестерді ұйымдастырумен танысты.
Айта кету керек, әуе айлағы 1932 жылы құрылған. 1976 жылы British Airlines Лондон - Бахрейн рейсімен «Конкорд» әуе лайнерлерін коммерциялық пайдалану басталды. 2016 жылы әуежай жылына 20 миллион жолаушыға арналған жаңа терминалды іске қосты, ал әуежайдың қазіргі жүктемесі жылына шамамен 12 миллион жолаушыны құрайды. Әуежай пайданың шамамен 70% - транз жүк авиатасымалдау есебінен алады, оның шамамен 70% - ы транзиттік болып табылады. Қазіргі уақытта әуежай Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы аймағының негізгі транзиттік хабтарының бірі болып табылады.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.