«Aerotranscargo» әуекомпаниясымен серіктестікті жалғастыру мәселелері талқыланды

Барлық жаңалықтар

2022-11-21

«Aerotranscargo» әуекомпаниясымен серіктестікті жалғастыру мәселелері талқыланды

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин «Aerotranscargo» әуекомпаниясының Дубайда (БАӘ) орналасқан бас кеңсесінде компания басшылығымен кездесті.
Тараптар серіктестік бойынша жоспарларды, өңірде қалыптасқан ағымдағы жағдайға байланысты коммерциялық рейстер бағдарламасын дамыту жайлы талқылады.
«Aerotranscargo» елорда әуежайымен 2 жылдан астам біріге жұмыс істейді.
2020 жылдың қыркүйегінде «Aerotranscargo» Франкфурт-Ханнан Гонконгқа Астана әуежайы арқылы транзиттік жүк рейсін орындады.
Елдер арасындағы шекаралардың жабылу кезеңінде «Aerotranscargo» Астана әуе айлағын Еуропадан Азияға және кері қарай транзиттік аялдама ретінде қолдана бастады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ