Vietjet Air Қазақстан аспанына қайта оралмақ

Барлық жаңалықтар

2022-11-28

Vietjet Air Қазақстан аспанына қайта оралмақ

«Vietjet Air» ірі вьетнамдық авиакомпаниясы 25 желтоқсаннан бастап Airbus А – 330 типті әуе кемелерінде аптасына 3 реттік жиілікпен Камрань-Астана бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
«Vietjet Air» - Вьетнамның бюджеттік әуе тасымалдаушысы. Авиакомпания рейстерін 2007 жылдан бастап жүзеге асыруда. 19 - дан астам бағыт бойынша әлемнің 10 еліне - Сингапур, Малайзия, Мьянма, Индонезия, Камбоджа, Тайвань, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Үндістанға халықаралық рейстерді орындайды.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ