«Мистер және Мисс NQZ — 2022» байқауының жеңімпаздары анықталды

Барлық жаңалықтар

2022-12-07

«Мистер және Мисс NQZ — 2022» байқауының жеңімпаздары анықталды

Халықаралық азаматтық авиация күнін мерекелеуге орай елорда әуежайында әуе айлағы қызметкерлері арасында алғаш рет «Мистер және мисс NQZ - 2022» байқау өтті. Сайысқа барлығы 15 адам қатысты.
Бұл күні азаматтық авиация саласының 35-ке жуық ардагері құрметке ие болды. Өз кезегінде ардагерлеріміз қазылар алқасының құрамына кіріп, байқау жеңімпаздарын анықтау барысында белсенділік танытты. Іс-шараны ашқан «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин барлық қатысушыны мерекемен құттықтап, аталған форматтағы іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ басқарма төрағасы сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, авиация саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің грамоталарын табыс етті.
Байқау қорытындысы бойынша «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ коммерция департаментінің қызметкері Шарафуддин Мырзабекұлына «Мистер NQZ — 2022» атағы берілді. Өз кезегінде авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру инспекторы Қаламқас Бостекбаева «Мисс NQZ — 2022» атанды. Екінші жүлделі орын ақпараттық технологиялар департаментінің телекоммуникацияларды дамыту жөніндегі бас маманы Бекболат Долдаш пен елорда әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру инспекторы Дана Сүйменбаеваға берілді. Үшінші орын тексеру инспекторы Әділет Кульбаев пен әуежайдың PR-қызметі ақпараттық-анықтамалық тобының кезекшісі Сәуле Пішенбаеваға бұйырды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Басқарма төрағасының атынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ