Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Айбек Кетебаев елордалық әуежайдың Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Айбек Болатбекұлы Кетебаев 1981 жылы 11 қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Мәскеу авиациялық институты және «Азаматтық авиация академиясы» АҚ тәмамдаған.
2007 жылдан бастап елордалық әуежайда арнайы көлік қызметінің техникалық бөлімінің инженері болып жұмыс істей бастады. Әр жылдары материалдық-техникалық жабдықтау қызметін жабдықтау жөніндегі бас маман, арнайы көлік қызметін диагностикалау жөніндегі инженер, қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру жөніндегі инженер, әуе кемелеріне қызмет көрсету жөніндегі көлік учаскесінің бастығы, жөндеу учаскесінің бастығы, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-да, Астана қаласында арнайы көлік қызметі әуеайлағын күтіп ұстау жөніндегі көлік учаскесінің бастығы лауазымдарын атқарды. Астана әуежайындағы жалпы жұмыс өтілі - 16 жыл.
Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Көкшетау әуежайының директоры қызметін атқарған.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.