Елордалық әуежайда қызметкерлер «Еңбек ардагері» медалімен және «Құрметті авиатор» белгісімен марапатталды

Барлық жаңалықтар

2022-12-29

Елордалық әуежайда қызметкерлер «Еңбек ардагері» медалімен және «Құрметті авиатор» белгісімен марапатталды

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ еңбектегі жетістіктері мен Азаматтық авиацияның дамуына қосқан үлесі үшін үздік қызметкерлерді марапаттады.

Мәселен, «Еңбек ардагері» медалін Александр Николаевич Лузанов алды, 1994 жылдан бастап әуежайда жұмыс істейді, қауіпсіздік бөлімшесінің қауіпсіздік инспекторы қызметін атқарады.

«Құрметті авиатор» төсбелгісімен Өмірзақ Бағлан Әбдіманапұлы марапатталды, елордалық әуежайда 2005 жылдан бастап өндірістік-диспетчерлік қызметтің кешенді ауысымының бастығы лауазымында еңбек етеді.

Сондай-ақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің мақтау грамоталарына Ерболат Аманұлы Түсбаев, Людмила Михайловна Копейчук ие болды.
Алғыс хаттармен Елемес Самарханұлы Айтжанов, Наталья Александровна Карпачева марапатталды.

Әуежай әкімшілігінің атынан әріптестерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ